2025 жылдың 8 шілдесінде Ақмола облысында полиция департаментінің қызметкерлері өңірлік көлік прокуратурасымен бірлесіп «Есірткіге жол жоқ» атты профилактикалық акцияны өткізді. Негізгі назар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына, әсіресе «InDriver» қосымшасы арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын көліктерге аударылды.
Акция аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің, көлік прокуратурасы өкілдерінің және қызметтік-іздестіру иті бар кинологтың қатысуымен рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Есірткі заттарының ықтимал заңсыз айналымы үшін жеңіл және жүк көліктері тексерілді.
Тексерулерден басқа, рейдке қатысушылар жүргізушілермен есірткіге қарсы заңнамадағы өзгерістер, қолданыстағы жауапкершілік шаралары, сондай-ақ құқыққа қарсы қызметке тартудың алдын алу тәсілдері туралы хабардар ете отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлық жүргізушілерге пайдалы құқықтық және профилактикалық ақпараты бар, сондай-ақ бейінді бөлімшенің сенім телефонының нөмірі көрсетілген тақырыптық буклеттер табыс етілді.