Ақмола облысында үздік полицейлер мен қоғамдық көмекшілер марапатталды

Ақмола облысында үздік полицейлер мен қоғамдық көмекшілер  марапатталды

Іс – шараға өңір әкімі Марат Ахметжанов, өңірдің құқық қорғау және күш құрылымдарының басшылары, полиция қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ қоғамдық көмекшілер-полицияға құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жәрдемдесетін азаматтар қатысты.

Облыс әкімі Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Полиция департаментінің бастығы полковник Нұрсұлтан Мукашев құттықтау сөз сөйледі.

"Мамандығы бойынша Үздік" аймақтық байқауының жеңімпаздары, жас полиция қызметкерлерінің ата-аналары, отбасы әулеттерінің өкілдері лайықты марапаттарға ие болды.

Салтанатты жиын аясында Атбасар ауданының полиция бөлімі Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.М. Байжігітовке "Зиялы қауым" бағдарламасының дамуына елеулі үлес қосқан алғыс хат табыс етілді.