Полицейлер Ақмола облысының Жақсы ауданындағы ауыл тұрғынының бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктің 920-дан астам бұтасын тапты.

Полицейлер Ақмола облысының Жақсы ауданындағы ауыл тұрғынының бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктің 920-дан астам бұтасын тапты.

Өңірде "Қарасора – 2025" жедел - алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, Жақсы ауылында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.
Жедел – іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында 39 жастағы ауыл тұрғыны өз үйінің аумағында қарасора өсіретіні анықталды. Тінту кезінде полицейлер шамамен 500 грамм марихуана бар пакетті тауып, тәркіледі. Бақшада құқық қорғаушылар құрамында есірткі бар өсімдіктің 920-дан астам бұталарын тапты.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тиісті сараптамалар тағайындалды.