Ақмола облысында Қостанай облысында іздеуде жүрген автокөлік ұрлаушылар ұсталды

Ақмола облысында Қостанай облысында іздеуде жүрген автокөлік ұрлаушылар ұсталды

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Ақмола облысының полиция департаментіне көрші облыстағы әріптестерінен қоңыр түсті ВАЗ-21010 маркалы автокөлікті ұрлау туралы бағдар келіп түсті. Деректер бойынша, көлік Қостанай облысының аумағында ұрланған.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру барысында ақмола полицейлері іздестіріліп жатқан автокөліктің өңір аумағы бойынша «Алматы – Екатеринбург» автожолы бойынша жүріп жатқанын анықтады.
Жүргізілген жедел іс – шаралар нәтижесінде Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкері, полиция капитаны Бауыржан Беисов «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1130 шақырымында бағдарлауға ұқсас автокөлікті байқады. Көлік тез тоқтатылды. Салонда екі адам болды-жүргізуші мен жолаушы.
Ұсталғандарды одан әрі тексеру үшін, Астрахан ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында олардың Қостанай облысының аумағында жасалған басқа да бірқатар қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта күдіктілер қостанайлық әріптестеріне одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу және заң бойынша жауапқа тарту үшін берілді.