"Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыра отырып, және де халықпен кері байланыс орнату мақсатында ақмола полицейлері тікелей тұрғын үйлердің аулаларында консультациялар ұйымдастырды. Дәстүрге айналған "Аулалардағы қабылдау" акциясы құқықтық көмек пен өзекті сұрақтарға жауап алғысы келетін жүздеген ақмолалықтарды қамтыды.
Акцияның бірінші күні Көкшетау қаласының № 8 учаскелік полиция пунктінің алаңында өтіп, қала тұрғындарын полиция департаменті бастығының орынбасары полковник Серік Әбутәліпов қабылдады. Басшы азаматтарға ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке кеңес беріп, мұқият қарауды қажет ететін ең өткір мәселелерді бақылауға алды. Көкшетаулықтар жаяу жүргіншілер өткелдерін, бағдаршамдарды орнату, аулаларды абаттандыру мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Осы күні өңірдің барлық елді мекендерінде осындай кездесулер өтті. Жергілікті жерлердегі учаскелік инспекторлар азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізді, ақпарат буклеттері мен визиткалар таратты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мобильді алаңдар проблемалық мәселелер туралы бірінші кезекте білуге, оларды шешу бойынша жедел шаралар қабылдауға және халықпен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Акцияның бірінші күні барлық жерде полицияның қоғамдық көмекшілерін марапаттау рәсімдері өтті. Полицейлер белсенді азаматтарға алғыс хаттар табыстап, тиімді ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді.