Ағымдағы жылдың 20 мамырында сағат 19:00 шамасында "Екатеринбург — Алматы" автожолының 999 км-де Астана қаласы бағытында жол-көлік оқиғасы орын алды. Атбасар қаласының 50 жастағы тұрғыны "ВАЗ-2106" маркалы автокөлікті басқара отырып, солға бұрылу маневрін орындау кезінде "DAF"маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан медициналық мекемеге кәмелетке толмаған үш жолаушы, жеңіл автокөліктің 24 жастағы жолаушысы, сондай-ақ жүргізушінің өзі жүгінген.
Алдын ала мәліметтер бойынша жүк көлігінің жүргізушісі жол беруі керек еді, себеі жеңіл автомобиль бұрылыс сигналын қосқан. Осыған байланысты фураның жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы "Жол-көлік оқиғасына әкеп соққан жол ережесін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жолаушылар салонында кәмелетке толмаған жолаушыларға қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін балалар ұстайтын құрылғылардың жоқтығы ерекше назар аударуға тұрарлық.
Жүргізушімен бірінші кезекте жолаушы балалардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілік хаттама жасалады.
Айта кету керек, жыл басынан бері патрульдік полицейлер осы бап бойынша 10 мыңнан астам жүргізушіні жауапкершілікке тартты.