7 сәуірде Ақмола облысында полицейлер мас күйінде көлікті басқарудың үш фактісін анықтады. Барлық жүргізушілер бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған.
Есіл ауданында екі жағдай тіркелді. Олардың бірінде полиция қызметкерлері жүргізушісі орташа мас күйінде болған Volkswagen Passat-ты тоқтатты.
Ол 2022 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша 7 жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осындай бұзушылықты Sonlink мотоциклшісі жасады, ол да мас күйінде және бұрын куәлігінен айырылған еді.
Үшінші факт Көкшетауда тіркелді. Патрульдік полиция экипажы СҚО-ның 33 жастағы тұрғынының басқаруымен Audi 100 көлігін тоқтатты. Жүргізуші 2024 жылы көлікті басқару құқығынан айырылған, бірақ қайтадан мас күйінде рульге отырған. Бұл бойынша сараптама тағайындалды.
Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақмола полицейлері азаматтарды ЖҚЕ сақтауға және мас күйінде көлікті басқаруға жол бермеуге шақырады.
2 сәуірде Көкшетау қаласының полиция басқармасына елорда тұрғынынан өтініш түсті. Әйел Красный Яр ауылында тұратын бұрынғы жұбайы кәмелетке толмаған баланы асырауға алимент төлеу туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамайтынын хабарлады. Бүгінгі таңда берешек мөлшері 5 миллион 327 мың теңгені құрады.
Ықтимал жауапкершілік туралы бірнеше рет хабарламалар мен ескертулерге қарамастан, ер адам алимент төлеу туралы талаптарды елемеді. Қарызды ерікті түрде өтеуге бағытталған барлық шаралар нәтиже бермеді.
Қазіргі уақытта борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы – «Балаларды немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарды асырауға қаражат төлемеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Естеріңізге сала кетейік, алимент төлемеу — бұл заңды бұзу ғана емес, ең алдымен өз баласының алдындағы жауапсыздық. Әрбір әке мен әрбір ана баланың өміріне қатысуға, оның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және оның дамуын қолдауға міндетті.
Алимент төлемейтіндермен осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақмола облысында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Борышкерлермен түсіндірме әңгімелер жүргізіледі, жұмысқа орналасу нұсқалары ұсынылады, сондай-ақ заңгерлік кеңестер көрсетіледі.
Ата-ана міндеттемелерін орындамаудың салдары туралы азаматтарды хабардар етуге ерекше назар аударылады.
Жыл бойы Ақмола полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың назарын мүмкіндігі шектеулі адамдарға құрметпен және мұқият қарау қажеттілігіне аудару бойынша жұмыс жүргізуде.
Олардың құқықтарын сақтауға, оның ішінде арнайы бөлінген тұрақ орындарын кедергісіз пайдалануға ерекше назар аударылады.
Әкімшілік полиция қызметкерлері мүгедектерге арналған тұрақтарды тексеру үшін үнемі рейдтер жүргізеді. Олардың деректері бойынша, ағымдағы жылдың басынан бері өңірде "мүгедектерге арналған тұрақ" белгісінің астына көліктерін заңсыз қойған 35 жүргізуші анықталды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 597-бабының
4-бөлігіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға арналған орындарда тоқтау немесе тұру қағидаларын бұзу он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, бұл бүгінгі күні 39 мың 320 теңгені құрайды.
Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері жүргізушілермен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларын саналы болуға, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге және тұрақ ережелерін сақтауға шақырады.
2025 жылғы 9 сәуірде сағат 06:45-те "102" пультіне Центральный шағын ауданының №2Б үйінде қатты түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Қоңырау шалушы, көршілерінің бірі, өрт жайлы және шұғыл көмек қажет екенін хабарлады.
Оқиға орнына дереу келген "Әскер 5" автопатрульінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - аға инспектор капитан Дәурен Түкеев пен сержант Есен Сапар екінші қабаттағы пәтерден тығыз түтіннің қақпанында қалған бес адамнан тұратын отбасын тапты.
Жағдайды бағалай отырып, полицейлер бей-жай қарамайтын азаматтармен бірлесіп шұғыл эвакуация ұйымдастырды. Анасы түтінді пәтерде бола тұрып 2019, 2022 және 2023 жылы туған үш жас баланы кезекпен жұбайына табыстады, ол төмендегі қабатта терезе торына шығып, оларды полицейлер мен көмекке асыққан қала тұрғындарына тапсырды.
Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық отбасы мүшелері, соның ішінде ата-аналар бірнеше минут ішінде сәтті эвакуацияланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.
Шетте қалмай, қиындыққа тап болғандарға көмектескендердің барлығына алғыс айтамыз.
2025 жылғы 02 сәуірде Аршалы ауданының полиция бөліміне 46 жастағы әйелден пансионаттың пациенті Жанара Кемелбекқызы Сыбанбаева (28.07.1986 жылы туған) 2025 жылғы 02 сәуірде сағат 13:00 шамасында ауданның жергілікті ауылдарының бірінің пансионатынан белгісіз бағытта кеткені туралы өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта оның орналасқан жері белгісіз. Жеке іздеулер нәтиже бермегендіктен, полициядан көмек сұрау туралы шешім қабылданды.
Полицейлер бірден оңалту орталығына келді. Белгілі болғандай, әйел психикалық бұзылулардан және есте сақтау қабілетінің төмендеуінен азап шегеді. Ол әрқашан байсалды болып, алаңдатушылық тудырмады, бірақ серуендеу кезінде жоғалып кетті.
Жанара қызғылт-сары түсті сырт киім, сұр түсті спорттық шалбар және күрең қызыл түсті тәпішке киген. Оның үстінде жылы маусымдық киімдер болған жоқ.
Осы факті бойынша Аршалы ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағдарланды, сондай-ақ Ақмола облысы Полиция департаментінің барлық құрылымдары бойынша бағдарлар жіберілді. Бағдарлар Астана мен Қарағанды облысының көршілес полиция департаменттеріне де жолданды. Жоғалған адамның суреті Аршалы ауданының әлеуметтік чаттарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер (WhatsApp, Instagram) арқылы таратылды.
Іздеу үшін 11 адамнан тұратын полиция қызметкерлері мен "Асар-Астана" АҚ еріктілері тартылды. Қазіргі уақытта іздеу шаралары жалғасуда. Сондай-ақ, дрондарды пайдалану және қосымша еріктілерді тарту жоспарлануда.
Полиция 102 арнайы желісіне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне қоңырау шалу арқылы жоғалған адамның орналасқан жері туралы кезкелген ақпаратты хабарлауды сұрайды.
Халықтың полициямен байланысын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде «102» мобильдік қосымшасы жұмыс істейді.
Аталған қосымшаны AppStore және Play Market платформаларында тегін жүктеуге болады.
Мобильдік қосымшаның көмегімен мемлекеттің әрбір тұрғыны құқық бұзушылық немесе қылмыс жасалғаны туралы ақпарат жібере алады.
Сонымен, мобильді қосымшаның интерфейсінде SOS қызыл батырмаcы бар.Оны басу арқылы оқиға орынан тікелей бейнеқоңырау шалуға болады, бұл ЖБО операторына не болып жатқанын көруге және дереу тиісті ден қою шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тіркеуден өткеннен кейін азаматтар мобильді қосымшада:
Бүгінгі күнде полицияға 377,3 мыңға жуық қоңыраулар мен хабарламалар келіп түсті.
Жүктеу саны 236,7 мыңнан асып түсті(Play Market – 172,5, App Store – 64,2).
Сондай-ақ, ұялы телефонды IMEI коды бойынша оның ұрланған немесе жоғалған тізімінде бар-жоғын тексеру мүмкіндігі бар.
Ақмола өңірінің киберполицейлері бірқатар табысты жедел – іздестіру және тергеу іс-шараларын өткізді, соның нәтижесінде дропповод немесе дропперлердің алаяқтық желісін ұйымдастырушы анықталды.
Полицейлер Көкшетау қаласының тұрғыны жәбірленуші болған интернет – алаяқтық фактісін тергеу аясында фигуранттың жеке басын анықтады. Қылмыстық іс материалдарынан белгілі болғандай, 2024 жылдың желтоқсанында қала тұрғыны өзін Ұлттық банк қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды. Жәбірленушіні адастырып, интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтар ақмолалықты оларға 5 000 000 теңгеден астам ақша аударуға мәжбүр етті.
Қаскүнемдердің жеке басын анықтау үшін киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде елорданың 18 жастағы тұрғыны анықталды.
Фигурант Астана қаласында пәтер жалдап, онда алаяқтық жолмен өндірілген ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру орталықтарын ұйымдастырғаны белгілі болды. Күдіктінің студенттерді "жалдағаны", оларға банктік шоттар ашқаны, содан кейін сол шоттарға аударылған ақшаны шетелге аударғаны алдын-ала анықталды. Жедел қызметкерлердің айтуынша, ұсталған адам жалғыз емес әрекет еткен, қазіргі уақытта оның сыбайласын ұстау бойынша одан әрі іс-шаралар жүргізілуде.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Күдікті ұсталды.
Ұрланған көлік бір сағат ішінде табылды.
6 сәуірде Көкшетау қаласының патрульдік полиция экипажы полиция капитаны Райымбек Есмагулов пен аға лейтенант Сұлтан Байболов көлік құралын айдап әкеткен күдіктінің ізін суытпай ұстады. "Ауди А6" маркалы автокөлікті айдап әкету туралы арыз полицияға таңғы сағат 11 шамасында келіп түсті. Иесі көлікті үйінің ауласындағы автотұрақтан таппай, дереу полицейлерден көмек сұрады.
Патруль қызметкерлері хабарламаға жылдам ден қойып, бірден көліктің маркасы, мемлекеттік нөмірі және басқа да техникалық сипаттамалары туралы ақпаратты таратты. Полицейлер бұл деректерді "Автоураган" жүйесі арқылы да тексерді.
Жүйеден алынған мәліметтерге сәйкес, бір сағат бұрын ұрланған көлік Красный Яр ауылының бағытында тас жолмен жүріп өтті. Полицейлер көрсетілген координаттарға дереу барып, көлікті айдап әкетушіні ұстады.
Күдікті мас күйінде қылмыс жасаған Солтүстік Қазақстан облысының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ұстау кезінде де ер адам мас болған және полицейлерге көліктің салонына қалай кіріп, оқиға орнынан кетіп қалғанын түсіндіре алмады.
Айдап әкету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, айдап әкетушіге қатысты мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін хаттама толтырылды.
Тергеу жалғасуда.
Целиноград ауданындағы «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1225 шақырымында автожолды патрульдеу барысында патрульдік полиция қызметкерлері "Шевролет Кобальт"маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автомобиль салонындағы шетел азаматтарына назар аударды. Оларда өзімен құжаттар болмағаны белігілі болып шықты.
Патрульдеушілер азаматтарды дереу полицияның учаскелік пунктіне әрі қарай тексеру үшін жеткізді. Бұл бекер емес болып шықты. Учаскелік полиция инспекторларытексеру барысында, олардың біреуін елордалық құқық қорғау органдары шығарып жіберу туралы іс бойынша іздеуде, ал екіншісін Қостанай облысының полициясы алимент төлемегені үшін іздеуде жүргенін анықтады. Осыдан кейін полиция іздестіру бастамашыларына хабарлап, жазаның бұл тартпастығы үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.
Полицейлер шетел азаматтарын Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ көші-қон заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
2025 жылдың 3 сәуірінде полиция бөліміне Астана қалалық ауруханасына ауыр жарақатпен 12 жасар бала жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Ол жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға Жібек Жолы ауылының екі көшесінің қиылысында болған, онда велосипедпен жүрген жасөспірім "Ниссан Скайлайн" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. ЖКО фактісі бойынша полицейлер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Полиция екі доңғалақты көліктерді — мотоциклдерді, скутерлерді және велосипедтерді белсенді пайдалану маусымы басталған кезде жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіптің жоғарылағанын еске салады. Статистика көрсеткендей, мұндай көліктер кішкентайдығы мен ептілігіне қарамастан қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты полицейлер барлық көлік түрлері мен жаяу жүргіншілерді жол ережелерін сақтауға және жолдардағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін өте мұқият болуға шақырады.
Ақмола облысы қауіпсіздік шараларын сақтау және велосипедшілерге, мотоциклшілерге және скутеристерге ерекше назар аудару қажеттігін тағы да еске салады.