Ақмола облысының кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы сержант Денис Аникеев өзінің төрт аяқты серіктесі Макс есімді лабрадор-ретривермен бірге "Орталық" Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылығының кубогына арналған турнирге қатысты.
Кинолог–мамандар арасында байқау кинологиялық қызметінің бірнеше бағыты бойынша өткізілді: іздестіру жұмыстары, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу жұмыстары. Полиция командасы Ақмола өңірінің атынан қатысып, есірткі заттарын іздеу турнирінің жеңімпазы атанды.
Денис Макспен бірге бірнеше нысандарда есірткіге еліктегішті табуы керек еді: көлік құралының салонында, багажды тінту кезінде, гаражды тінту кезінде және үй-жайды тінту кезінде. Барлық тапсырмаларды орындап, тыйым салынған заттарды тапқаннан кейін Ақмола командасы бірінші орынды иеленді, ал Денис Аникеев Кубок пен "Есірткіні іздеу жұмысы бойынша үздік кинолог" атағын жеңіп алды.
Айта кету керек, Денис пен Макс серіктес ретінде шамамен бір жыл қызмет етеді. Олар бірге полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел іс-шараларына, сондай-ақ түрлі профилактикалық іс-шараларға бірнеше рет қатысты.
Бурабай ауданының полиция бөлімінің анықтау органдарының өндірісінде квадроцикл жолаушысы қаза тапқан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс бар. Апат а.ж. 27 шілдеде курорттық аймақ аумағында болғандығы алдын ала анықталған. Астанадан келген екі қыз жергілікті жалға беру пункттерінің бірінде "X5 Classic" маркалы квадроциклді жалға алды. Басқару кезінде 19 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, көлікке ұзақ бұрылыста аударуға мүмкіндік берді. Апат салдарынан жарақат алған жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сондай-ақ, ҚР ҚК 306-бабы 3-бөлігі (тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету) бойынша жеке сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде анықтаушылар қауіпсіздік талаптарының сақталуына квадроциклдерді жалға беру пунктінің қызметін тексереді.
Ақмола облысының полицейлері ағымдағы жылдың 26 шілдесінде Бурабай кентіндегі демалыс аймақтарының бірінің аумағында болған баланың терезеден құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. 4 жасар баланың жалдамалы үйдің екінші қабатындағы бөлмеде жалғыз болғаны анықталды.
Екінші қабаттың терезесінен құлау нәтижесінде бала жарақат алып, қазіргі уақытта ауруханада жатыр.
Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК 141-бабы 1-бөлігі (балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, сараптамалар тағайындалды.
Полиция қызметкерлері тағы да ата-аналардан жас балаларға бақылауды күшейтуді сұрайды. Әдетте, құлаудың басым көпшілігі терезелерді жабуды ұмытып кететін туыстары мен достарының алаңдаушылығынан, терезелерде блокаторлар немесе терезе тұтқалары-құлыптардың болмауынан, балаларға терезелерге өздігінен көтерілуге мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауынан және жабық терезенің елесін тудыратын маса торларының болуынан болады.
Полицейлер, егер бұл абайсызда кәмелетке толмағанның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқтырса, ата-аналар кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылықта болатынын атап көрсетеді. Жаза 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды/шектеуді көздейді.
23 шілдеде кешкі сағат 20.25-те Целиноград ауданының полиция бөліміне қарт әйелдің қызы келіп, есте сақтау қабілетінен айырылған анасы Финченко Любовь Ивановна үйден белгісіз бағытта кетіп, оралмағанын хабарлады.
Жоғалған адамды іздеуге өтініш түскеннен кейін бірден полиция бөлімінің жеке құрамы бағдарланды, қарт әйелді іздеу бір минутқа да тоқтамады, іздеу шаралары қараңғы түскенде де жалғасты.
Іздеу тобы орман алқаптарының әр бір метрін, қараусыз қалған ғимараттар мен саяжайлардың аумағын қарады, полицейлер адамдар көп жиналатын жерлерді тексерді, сонымен қатар іздеу шараларына дрон қатысты.
Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде сағат 16.00 шамасында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зейнеткерді Астана маңындағы өндірістік базаның аумағынан тапты. Әйел бағдарсыз болды, бұл жерге қалай келгені есінде жоқ, бірақ суықтан құмда жылынуға тырысқан.
Полицейлер егде жастағы әйелді Есіл аудандық ауруханасына жеткізді, онда оған медициналық көмек көрсетілуде. Жалпы, егде жастағы әйелдің жағдайы қанағаттанарлық.
Жазғы кезеңде мотоциклдерді пайдаланудың ұлғаюына байланысты олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелуде, - деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Бұл ретте ЖКО-ның негізгі себептері жүргізуші тәртібінің әлсіздігі, мас күйінде мотокөлікті басқару, жылдамдық режимінен асып кету, мотошлемді пайдаланбау және басқа да бұзушылықтар, оның ішінде электр самокатына жататын жеке ұтқырлықтағы электр көлік құралын басқару кезінде де болып табылады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған бала электр самокатпен жүріп келе жатып, 2008 жылы туған жасөспірім қызды соғып кеткен, нәтижесінде зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізді.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тәртіп сақшылары 2023 жылдың тамызында мопедтер, электр самокаттары мен велосипед жүргізушілеріне бірқатар тыйым салулар енгізілгенін еске салады. Осыған сәйкес электр самокаттар: велосипед жолымен, велосипед жолағымен; жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен, бір қатарда 25 км/сағ жылдамдықпен; тротуармен, жол жиегімен және жаяу жүргіншілер жолымен 6 км/сағ аспайтын жылдамдықпен қозғалады.
Сонымен қатар, электр самокатын алкогольдік мас күйінде басқару ӘҚБтК-нің 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) бойынша қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін жауаптылыққа әкеп соғады.
19 шілдеде Көкшетау қаласындағы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жергілікті массаж салоны әкімшісінің вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады. Әйел ойын-сауық мекемесінің клиенттеріне тыйым салынған тауарларды сатқаны анықталды.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 301 – 1 бабы 1-бөлігі (электрондық тұтыну жүйелерінің айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полицейлер а. ж. 20 маусымынан бастап ҚР заңнамасымен шегілмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салынғанын еске салады.
Вейптердің заңсыз саудасымен күресу үшін полиция қызметкерлері рейдтік және алдын алу іс–шараларын жүргізуде, интернет-кеңістікке бақылау күшейтілді. Құқық қорғау органдары азаматтарды күдікті адамдар мен заңсыз сату жүзеге асырылуы мүмкін жерлер туралы хабарлауға шақырады
Мусин Ерлан Сәулеұлы осы жылдың 2 маусымында жоғалып кетті. Қалалық полиция басқармасына ер адамның жоғалып кеткені туралы 5 маусымда анасы хабарлады. Әйелдің айтуынша, 46 жастағы ер адам досымен бірге қала сыртына, саяжай аумағына барған, алайда кейіннен ересек ұлы байланысқа шықпай, үйіне оралмаған.
Көкшетау қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы Е.С. Мусиннің орналасқан жерін анықтауға бағдарланған, іздестіру іс-шараларына туыстары мен еріктілері қатысты.
Жедел – іздестіру іс-шаралары аясында полицейлер хабар-ошарсыз кеткен таныстар шеңберін, сондай-ақ жоғалып кеткен күні Е.С. Мусин барған мекенжайларды анықтады. Досының айтуынша, жоғалып кеткен күні олар саяжай кентінің аумағында бірге болған, алайда кейіннен Е.С. Мусин белгісіз бағытта кеткен. Полицейлер жақын маңдағы дүкендерді, Қонақ үйлерді, демалыс орындарын тексерді, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді.
Қазіргі уақытта жоғалған Мусин Ерлан Сәулеұлын іздестіру жалғасуда.
Полиция қызметкерлері жоғалған Көкшетау тұрғынының орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратты білетіндердің барлығынан тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына немесе "102" арнаулы желісіне хабарлауды сұрайды.
Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Зеренді ауданының полиция бөліміне кәсіпорын басшылығынан 12 шілдеде ЖШС аумағынан белгісіз адаммен жол тегістейтін темір каток ұрлап әкеткені туралы өтініші келіп түсті. Қаскүнемнің іс-әрекетінен келтірілген залал сомасы белгіленуде.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыр жол техникасын ұрлап әкетушіні ұстады, ол жақын шетелдің 43 жастағы тұрғыны болып шықты.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы сайланды.
Жол-көлік оқиғасы Жарқайың ауданының аумағында 16 шілдеге қараған түні болған. Полицейлер ер адамның денесін Пригородное ауылының маңындағы "Жезқазған - Петропавл" республикалық автожолының учаскесінен тапты. Тексеру барысында автокөліктің соғуы өлімнің себебі болуы мүмкін екендігі анықталды, мұны оқиға орнында табылған белгісіз көлік құралының сынықтары мен іздері растады.
Полиция қызметкерлері мұқият тексергеннен кейін табылған бөліктерге шамамен түс орнатылды, ал жол бойында жүргізуші қысқы шиналары бар көлікпен жүретіні анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сол күні полиция қызметкерлері өлімге әкелген соқтығысты жасаған жүргізушіні анықтады, ол Пригородное ауылының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу іс-шаралары барысында автокөлік тәркіленді, сонымен қатар жүргізушінің өзі белгісіз адамды көлікпен соғып кеткенін және жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткенін растады.
Қазіргі уақытта полицейлер бұл фактіні Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеп жатыр: ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзуы) және ҚР ҚК 347-бабы (ЖКО орнын қалдыру). Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Өңірде екі күндік "Жолда қабылдау" акциясы өтті. 19 және 20 шілдеде полиция қызметкерлері Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында азаматтарды қабылдау және онлайн-консультациялар өткізді. Өткізу орны кездейсоқ таңдалмады: аймақ тұрғындары мен қонақтары көлік құралдарын тіркеуге, жүргізуші куәліктерін алу және әкімшілік айыппұлдарды төлеу тәртібіне қатысты негізгі мәселелер бойынша жүгінді.
Арнайы ХҚКО-ға жеке келу мүмкіндігі жоқ азаматтардың ыңғайлылығы үшін акция аясында полицейлер онлайн – консультациялар мен тікелей эфирлер өткізді. Интернет қолданушылары мен Департаменттің ресми аккаунттарына жазылушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бірден жауап алды. Акцияны ұйымдастырушылар қосымша тексеруді қажет ететін мәселелерді бақылауға алды. Сондай-ақ, осы кезеңде кез-келген адам қоңырау шала алатын "жедел желі" телефоны жұмыс істеді.