Абай облысы полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады

Абай облысы полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады

Абай облысы полиция қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдады

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері сенбілікке белсене қатысып, қоршаған ортаға жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Полиция қызметкерлері өзге мемлекеттік органдардың өкілдері және жергілікті тұрғындармен бірге аула аумақтарын, қоғамдық орындарды, саябақтар мен су айдындарының жағалауларын тазалады. Ондаған қап қоқыс жиналып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, сонымен қатар полиция қызметкерлері мен өңір тұрғындарының арасында бірлік, өзара көмек және жауапкершілік рухын нығайтуға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» акциясына қатысу – тазалық пен тәртіпке деген ортақ жауапкершіліктің тағы бір жарқын дәлелі болды.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DIoEN_5NkgF/