Абай облысында жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1800-ден астам адам жауапкершілікке тартылды

Жыл басынан бері Абай облысында қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бүлдіргені және жасыл желектерге зиян келтіргені үшін 1880 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осындай оқиғалардың бірі әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықталды. Жергілікті тұрғын кәріз құдығына қалдықтардың төгілуіне шағымданған бейнежазба жариялады. Полиция қызметкерлері жедел түрде тексеру жүргізіп, құқықбұзушылық фактісін растады. Қалдықтарды төккен көлік жүргізушісі абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР заңнамасына сәйкес, мұндай құқықбұзушылық үшін 20 АЕК, яғни 78 640 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

👮‍♂️Абай облысы ПД азаматтарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және абаттандыру ережелерін сақтауға шақырады.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DHpnKFGNUcT/