Адамдарды іздеуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметтік иттерді даярлау

Адамдарды іздеуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметтік иттерді даярлау

Адамдарды іздеуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметтік иттерді даярлау

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне қарасты кинологиялық орталық қызметтік-іздестіру иттерін әртүрлі бағыттар бойынша, соның ішінде есірткі және жарылғыш заттарды іздеуге арналған даярлықты жүзеге асырады. Сондай-ақ, орталықта адамды иіс бойынша іздеуге бағытталған иттерді оқыту да жүргізіледі.

Қазіргі уақытта ІІМ кинологиялық орталығында Абай облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы және Лилия атты қызметтік иті оқу-дайындықтан өтуде. Оқу барысында Лилия қалалық ортада да, сондай-ақ таулы және орманды жерлер сияқты күрделі ландшафттарда да иіс бойынша іздеуге үйренуде.

Қызметтік иттер жоғалған адамды іздестіру кезінде, іздестіру-құтқару операцияларында маңызды рөл атқарады. Иттердің өткір иіс сезу қабілеті мен арнайы дайындығының арқасында олар басқа іздестіру әдістерімен анықталмайтын іздерді таба алады. Оқу аяқталғаннан кейін кіші инспектор-кинолог пен Лилия Абай облысы ПД кинологиялық қызмет орталығында қызмет атқарып, іздестіру-құтқару және басқа да жедел іс-шараларға қатысады.

https://www.instagram.com/reel/DA04Z6nNVRU/