Абай облысында полиция қызметкерлері жолда көлігінің дөңгелектері тесіліп қалған жүргізушіге көмек көрсетті

Абай облысының полицейлері жолда бірден көлігінің екі доңғалағы жарылған Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісіне көмектесті.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ержан Закишев пен Арман Балғабеков берілген маршрутты патрульдеу кезінде жол жиегінен өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатуға тырысқан адамды байқады.
 
Белгілі болғандай, көлікте бірден екі доңғалақ жарылып қалған. Оқиға “Алматы-Өскемен” тас жолында болған.

Тәртіп сақшылары бүлінген дөңгелектерді алып, жүргізушіні жақын маңдағы автосервиске апарған, кейін көлігін жөндеуге көмектескен. Тәртіп сақшыларының көмегіне риза болған жас жігіт бейне жазбаға түсірген.

“Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері үшін бұл жац ғана жұмыс. Мақсаты - жолдағы адамдардың қауіпсіздігі. Кезекшілік кезінде қызметкерлер жолда қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу туралы нұсқама алады.”- деді ПД ППР командирі Қаңтарбаев Айдын.

https://www.instagram.com/reel/C76qiKINtL7/