Абай облысында дәуір адамы - әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алды

Абай облысында дәуір адамы - әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алды

 


Әділет генерал-майоры Қайдаров Рүстем Есімханұлы - тұтас бір дәуір мен тарихты басынан өткерген адам.

Рүстем Қайдаровтың өмірбаянын оқығанда, жылдан жылға қызметтік іс-әрекеттерден оқиғалар қатарын сұрыптай отырып, адамның жан-жақтылығы мен айрықша қасиеттеріне толы бай, баға жетпес тәжірибеге еріксіз бой алдырасыз.

18 мамырда әділет генерал-майоры 84 жасқа толар еді.. Аты аңызға айналған адамды еске алу үшін генерал Р. Қайдаровтың жұбайы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Аймен Джексенбайқызы Қайдарова, Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бейбіт Исаков, ардагерлер кеңесінің төрайымы милиция подполковнигі Раиса Қосубаева, сондай-ақ Бесқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері жиналды.

Еске алу күніне сыныптастары Анатолий Киричек пен Александра Нагманова келді, олар болашақ генералдың жастық шағы туралы айтты.

Қайдаров Рүстем Есімханұлы 1940 жылы 18 мамырда Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында дүниеге келген. Жас кезінде жұмыс ұжымдарында еңбек шыңдаудан өтті. Ішкі істер органдарында қызметін 1966 жылы бастаған. Құқық қорғау органдарында қызмет еткен кезінде Рүстем Қайдаров бірқатар жауапты лауазымдарды атқарды. Семей облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары, ҚР Ішкі істер министрінің тергеу жөніндегі орынбасары, ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды.

Бұл генерал Қайдаровтың бай өмірбаянының аз ғана бөлігі. Көптеген күндердің, лауазымдардың, еңбектің артында үлкен жеңістер, керемет терең ойлар және өмірге деген үлкен махаббат жатыр.

12 адамның өмірін қиған қайғылы ұшақ апаты, генерал Рүстем Қайдаровтың туыстарының, әріптестерінің, Қазақстандықтардың айықпас қайғы-қасіреті болып қала береді... Рүстем Есімханұлы Қайдаров өмірден кетті, бірақ жақсы есімін қалдырды.

Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған іс-шараға қатысушылар мен шақырылғандар жеке заттарына, құжаттарына, мұрағаттық фотосуреттері мен наградаларына қол тигізуге мүмкіндік алды.

https://www.instagram.com/reel/C7l4cFlNRv6/