Абай облысында болашақ 75 офицер полиция қатарын толықтырды

Абай облысында болашақ 75 офицер полиция қатарын толықтырды


75 жас қызметкердің 14-і Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарының түлектері болып табылады.

Жас жігіттер мен қыздар тергеу, анықтау, ювеналды полиция, ақпараттандыру және байланыс, сондай-ақ криминалдық полиция бөлімшелерінде өздерінің кәсіби жолдарын таңдады.

Теориялық білімді практикалық қызметте қолдана отырып, жас полицейлер құқық қорғау органдарына қабалданды.

Күн сайын тәртіп сақшылары аймақтағы азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етеді, кейде өз өмірлерін қатерге тігеді. Сіздердің әрқайсыларыңызға жаңа жетістіктер тілеймін, облыстың әрбір тұрғыны алдындағы жоғары жауапкершілігіңізді сезіну, Сіздер тектілік пен өз парыздарыңызға адалдықтың үлгісі болуларыңызға тілектеспін”, - деді жас полиция қызметкерлеріне облыс ПД бастығының орынбасары Бейбіт Исаков.