Мақаншы ауданында 20-ға жуық балаға қауіпсіздік сабағы өткізілді

Мақаншы ауданында 20-ға жуық балаға қауіпсіздік сабағы өткізілді


Мақаншы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, Мақаншы аудандық прокуратурасының қызметкері жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында балаларға жол белгілерінің түрлері мен олардың мағынасы таныстырылып, бағдаршамның түстеріне сәйкес жолдан дұрыс өту тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, жол бойында өзін қауіпсіз ұстау және жол ережелерін сақтау бойынша пайдалы ақпараттар берілді.

Балаларға жол белгілерін ойын түрінде көрсетіп, олардың есте сақтау қабілетін арттыруға бағытталған сұрақ-жауап жұмыстары ұйымдастырылды.

Полиция қызметкерлері балаларға жолда әрдайым сақ болуды, белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеуді және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

Балалардың жол қауіпсіздігін сақтау – баршамызға ортақ міндет!