
Бейнебақылау камералары Абай облысының полицейлеріне аулаларды, көшелерді және басқа да қоғамдық орындарды ластайтын азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзудың 9 916 фактісі тіркелді. Сонымен қатар 851 факт қоғамдық орындарды ластауға қатысты.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 1 931 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның 1 013-і тұрғын үйлердің аулаларына орнатылған. Камера жазбалары құқық бұзушыларды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 73 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды.
Абай облысының полиция департаменті ескертеді: көше, аула немесе қоқыс контейнерлері орналасқан алаң — қалдықтарды бейберекет тастайтын орын емес.
Қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамаңыз және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамаңыз. Қаланың тазалығы әр адамның жауапкершілігінен басталады.