
Шөп тиелген КАМАЗ. Түнгі Семей. Рөлде — есірткілік масаң күйдегі жүргізуші.
Полицейлер түнгі патруль кезінде күдік тудырған КАМАЗ-ды тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің әрекеті күмән туғызған.
Медициналық куәландыру бәрін анықтады: жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.
Бір сәт ойлап көріңіз:
тонналаған жүк тиелген ауыр көлік.
Түнгі жол.
Ал рөлдегі адам — есірткілік масаң күйде.
Бұл жерде «ештеңе болмады ғой» деген сөз жүрмейді.
Өйткені ауыр жүк көлігін мас күйде басқару — өз өміріне ғана емес, жолдағы ондаған тағдырға тікелей қауіп төндіреді.
Бүгін апат болмауы — ертең де болмайды деген кепіл емес.
Мұндай әрекет үшін заңда 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру көзделген.
Ал қайталап жасаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Полиция жүргізушілерді жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, қандай жағдай болмасын мас күйде көлік басқармауға шақырады.
Рөл — ойыншық емес.
Жол — қателікті кешірмейді.