Москиттік тор – қорғаныс құралы емес!

Москиттік тор – қорғаныс құралы емес!

Абай облысы Полиция департаменті ескертеді:

Жаз мезгілінде ашық терезелер балалар үшін үлкен қауіп төндіреді. Көпшілік москиттік торды қауіпсіздік құралы деп ойлайды. Алайда ол баланың салмағын көтеруге арналмаған.

Бала торға сүйенген сәтте ол оп-оңай босап кетуі мүмкін. Мұндай жағдай қайғылы оқиғаларға әкеледі.

Есте сақтаңыз:

Балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз.
Терезеге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін немесе блокаторларды орнатыңыз.
Терезе маңына бала шығып кетуі мүмкін жиһаздарды қоймаңыз.
Москиттік торға ешқашан сенбеңіз – ол терезеден құлаудан қорғамайды.

Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі!