
Абай облысында заңсыз қару айналымының алдын алу, азаматтық қару иелерін тексеру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Кезекті заң бұзушылық Үржар ауданында анықталды. Полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 16 калибрлі «ТОЗ-63» маркалы тегіс ұңғылы, қос ауызды аңшылық мылтықты және оған арналған екі оқ-дәріні тапты.
Қару мен оқ-дәрілер заңсыз айналымнан тәркіленді.
Қару иесі ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы қару мен оған арналған оқ-дәрілерді заңсыз сақтап, алып жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 15-і мен 31-і шілде аралығында өткізіліп, заңсыз қару айналымының алдын алуға, қаруды сақтау қағидаларының бұзылуын анықтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Абай облысының Полиция департаменті кез келген тіркелмеген қарудың қауіп төндіретінін ескертеді. Осыған байланысты азаматтарға заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді құқықтық салдар туындағанға дейін ерікті түрде тапсыру ұсынылады.