
Семей қаласында полиция қызметкерлері көлік әйнектерінің жарық өткізу талаптарының сақталуын тексеру бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Бақылауға көліктің құнына, маркасына немесе иесінің мәртебесіне қарамастан барлық автокөліктер алынады.
29 маусым күні профилактикалық іс-шаралар барысында Семей қаласының полиция қызметкерлері әйнектері жарық өткізу талаптарына сәйкес келмейтін төрт автокөлікті анықтады. Барлық жағдайда заң бұзушылық сол жерде жойылды.
Полиция қызметкерлері ескертеді: шолу мүмкіндігін шектейтін қосымша қаптамалар мен қараңғылатылған жабындар, әсіресе түнгі уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Белгіленген талаптарды бұза отырып пайдаланылған автокөлік үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Заң бұзушылық толық жойылғанға дейін көлікті пайдалануға тыйым салынады.
Талаптарды сақтау – бұл жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселе.