Ақсуаттағы кортеж 19 хаттама мен арнайы айыптұрағына әкеп соқты

Ақсуаттағы кортеж 19 хаттама мен арнайы айыптұрағына әкеп соқты

Абай облысында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежіне қатысушыларды жауапкершілікке тартты.

2026 жылғы 21 маусым күні шамамен сағат 19:30-да Ақсуат ауданы Ақсуат ауылының Қабанбай көшесінде бірнеше автокөлік жүргізушісі той кортежі құрамында жол қозғалысы ережелерінің талаптарын әдейі елемей, қауіпті маневрлер жасап, басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген.

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық тұлғаларды анықтады.

Тексеру нәтижесінде Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін жүргізген бес жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы құқық бұзушыларға қатысты маневр жасау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, апаттық жағдай туғызу және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, құқық бұзушылардың көліктері арнайы айыптұрағына қойылды.

❗️ Абай облысы Полиция департаменті мерекелік іс-шаралар жол қозғалысы ережелерін сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтеді. Жолда қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген әрекет, себеп пен қатысушылардың мәртебесіне қарамастан, қатаң құқықтық бағасын алады.