Абай облысында “Қызметтік қару” жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Абай облысында “Қызметтік қару” жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

15–19 маусым аралығында облыс аумағында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шараның мақсаты – қызметтік қару айналымы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын бақылау, қаруды сақтау, пайдалану және есепке алу тәртібін тексеру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

🔹 Қызметтік қару мен оқ-дәрілердің сақталу жағдайын бақылау;
🔹 Құжаттамалардың толықтығы мен рұқсат құжаттарының заңдылығын тексеру;
🔹 Қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аудару;
🔹 Қызметтік қаруды пайдалану тәртібіне бақылау жүргізу.
 ● Күзет және білім беру ұйымдарындағы қару-жарақтың нормаларын дұрыс сақталуын тексеру.
 ⚖️ Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!

Азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысуға шақырамыз.