Абай облысында екін күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 187 дерегінің алды алынды

Абай облысында екін  күн ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 187 дерегінің алды алынды

10–14 маусым аралығында Абай облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған республикалық жедел-профилактикалық іс-шара – «Жалған нөмірлер» өткізілуде.

✅Шара барысында полиция қызметкерлері екі тәулік ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 187 фактісінің жолын кесті. Арнайы назар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бұзу, олардың көрінбеуі немесе стандарт талаптарына сәйкес келмеу мәселелеріне аударылды.

Алдын алу шарасы аясында:

🔹23 факті – мемлекеттік тіркеу нөмірлері анық оқылмайтын, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін немесе бекітілген орыннан тыс орнатылған көліктерді басқару;
🔹20 факті – мемлекеттік тіркеу нөмірлері жоқ, эксплуатацияға тыйым салынған немесе заңды тәртіпте тіркелмеген көліктерді басқару;
🔹4 факті – көліктерге әдейі жалған немесе жасанды мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнату;
🔹4 факті – жалған немесе жасанды нөмірлерді пайдаланып, олардың сәйкестігін анықтауға кедергі жасайтын құрылғы мен материалдарды қолдану.

👮‍♂️Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Омаров Бауыржан, жүргізушілерді заң талаптарын, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады:

«Құрметті азаматтар! Жол қозғалысы ережесін сақтау – әрбіріміздің жеке қауіпсіздігіміз бен қоғамымыздың тыныштығын қамтамасыз ететін басты жауапкершілігіміз. Мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бұзу немесе жалған нөмірлерді пайдалану тек құқық бұзушылық қана емес, жолдағы өзіңіздің және өзгелердің өміріне қауіп төндіреді. Біз алдағы уақытта да заңбұзушылықтарды анықтау бойынша шараларды жүйелі түрде жүргізіп, жол қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ететін боламыз. Сіздерді де жолда жауапкершілікпен және мәдениетпен жүруге шақырамын».