Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров арнайы бөлімше қызметкерлерін марапаттады

Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров арнайы бөлімше қызметкерлерін марапаттады

9 маусым күні Қазақстанда мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері күні атап өтіледі.

Кәсіби мереке қарсаңында Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров арнайы бөлімшелердің қызметкерлерін құттықтап, оларға қызметтік автокөліктердің кілттерін табыс етті.

Ол арнайы бөлімше қызметкерлері жоғары дайындықты, тәртіпті, батылдықты және үйлесімді іс-қимылды талап ететін аса жауапты міндеттерді атқаратынын атап өтті.

Қызметкерлердің кәсібилігі тек қызмет барысында ғана емес, спорттық жарыстарда да жоғары бағаланып келеді.

Абай облысы ПД арнайы бөлімшелерінің жауынгерлері жарыстар мен оқу-жаттығу іс-шараларында тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетуде.

Атап айтқанда, Қарағанды қаласында өткен арнайы бөлімшелер арасындағы жарыста Абай облысы Полиция департаментінің командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, бокстан екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.

Бұл жетістіктер қызметкерлердің жауынгерлік даярлығының, дене төзімділігінің және кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейде екенін дәлелдейді.