Абай облысында 40 жастағы азамат мас күйінде көлік басқарған

Абай облысында 40 жастағы азамат мас күйінде көлік басқарған

Түн тыныштығын бұзған жауапсыз әрекет тағы да заң алдында тоқтатылды. Сағат 01:05 шамасында полиция қызметкерлері Сәтбаев көшесінде «LADA 21703» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінінде отырған 40 жастағы жүргізушінің мінез-құлқы тәртіп сақшыларының күдігін туғызған.

Медициналық куәландыру нәтижесі оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

⚖️ Заң талаптарына сәйкес 40 жастағы азамат:

▪️ 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды;
▪️ 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды;
▪️ автокөлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

🚘 Мас жүргізуші – тек жол қозғалысы ережесін бұзушы емес. Ол – жолдағы әрбір адамның өмірі мен қауіпсіздігіне төнген нақты қатер. Бір сәттік жауапсыздық ауыр қайғыға, орны толмас өкінішке ұласуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері күн сайын тек құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, адам өмірін сақтап қалу жолында қызмет атқарады.