Абай облысында мектепте оқушылар, ата-ана 👨‍👩‍👧‍👦, ұстаздарға арналған қауіпсіздік сабағы 🛡 өткізілді.

Абай облысында мектепте оқушылар, ата-ана 👨‍👩‍👧‍👦, ұстаздарға арналған қауіпсіздік сабағы 🛡 өткізілді.

Жарма ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Турганбаев Рустам 👮‍♂️ мен Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асқап Асланның ұйымдастыруымен Жарма ауданы білім бөлімінің “Георгиевка атындағы орта мектебі” 🏫 ұстаздары , оқушылары және олардың ата-аналары қатысқан арнайы қауіпсіздік сабағы 🛡 өткізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәртіпті сақтау ⚖, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 🛡 және ата-аналарға заманауи заңнама талаптарын түсіндіру 📚.

Жиналыс барысында келесі мәселелер қаралды:

Кәмелетке толмағандарды діни деструктивті ағымдар мен радикалды топтардың қызметіне тартуға жол бермеу 🚫:
Деструктивті ұйымдардың ерекшеліктері мен олардың балаларға қауіптілігі туралы ақпарат ұсынылды.
Ата-аналарға балаларын қадағалау және олардың әлеуметтік желілерде 🌐 қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.

Буллинг және кибербуллингтің алдын алу 💻:
Мектеп ішінде 🏫және онлайн 🌐 ортадағы агрессия және психологиялық қысымның белгілері көрсетілді.
 Құқық қорғау органдарына 👮‍♂️ хабарлау тәртібі мен ата-ананың рөлі нақтыланды.

Зорлық-зомбылықтың алдын алу 🚫:
 Қоғамдық тәртіпке 🏘 және құқықтық жауапкершілік ⚖ қатысты ақпарат берілді.
 Балалардың 👶 мектептегі 🏫 және үйдегі қауіпсіз ортаны сақтаудағы ата-ананың жауапкершілігі атап өтілді ✅.

Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқын анықтау және алдын алу ⚠️:
 Суицидтік бейімделудің алдын алу әдістері түсіндірілді.
 Қиын жағдайда көмек сұрау және психологиялық қолдау көрсетудің жолдары баяндалды.

Интернет алаяқтықтың алдын алу 🌐:
 Онлайн алаяқтыққа қарсы әрекет ету жолдары мен қауіпсіздік ережелері 📜 түсіндірілді.
Балаларды интернеттегі қауіпті контенттен қорғаудың практикалық кеңестер ұсынылды.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі 👨‍👩‍👧‍👦:
 Құқықтық тәртіпті сақтау ⚖, балаға моральдық және құқықтық білім беру 📚, оның әлеуметтік өмірге бейімделуін қолдау мәселелері қаралды.
Ата-аналардың белсенділігі мен қадағалауы қоғамдағы қауіпсіздікке тікелей әсері атап өтілді.

Жиналыс барысында жаңа заңнама нормалары 📜, құқықтық жауапкершілік ⚖, сондай-ақ қоғамдағы қауіпсіздіктің кепілі 🏛 ретінде заң мен тәртіптің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді .

Егер сіз немесе сіздің жақыныңыз 👨‍👩‍👧‍👦 зорлық-зомбылық құрбаны болса, үнсіз қалмай, төмендегі байланыс арналарын пайдаланыңыз:

Полицияның жедел желісі 📞 102
Тәулік бойы жұмыс істейтін тегін сенім телефондары 📞150, 111
Құпиялық кепілдігі 🔒: Барлық өтініштер толығымен анонимді түрде қаралады.

Бұл іс-шара кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларының 👨‍👩‍👧‍👦 қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру 📚 және қоғамдық тәртіпті нығайту 🏛 бағытындағы тұрақты профилактикалық жұмыстардың бір бөлігі болып табылады .