2026 жылдың алғашқы 4 айындағы жедел жағдайды талдау қорытындысы бойынша қаладағы кафе, бар, мейрамхана және түнгі клубтарда болған оқиғаларға байланысты «102» арнасында 368 хабарлама тіркелген.
Қазіргі таңда Семей қаласында 220 ойын-сауық орны жұмыс істейді.
Нысандардың көпшілігі бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен жабдықталғанына қарамастан, барлық жерде физикалық күзет пен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі жеткілікті емес.
Хабарламалардың басым бөлігі жанжалдар, төбелестер, қоғамдық тәртіпті бұзу және азаматтардың алкогольдік мас күйде болуы фактілеріне қатысты. Бірқатар деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.
Полиция атап өткендей, ойын-сауық орындары, әсіресе түнгі уақытта, жоғары тәуекел аймағы болып қала береді.
Полиция қызметкерлері нысандардың иелерімен және әкімшілігімен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, бейнекамералардың, дабыл түймелерінің бар-жоғын және күзет қызметінің жұмысын тексеруде.
Қазіргі таңда Семей қаласында 220 ойын-сауық орны жұмыс істейді. Нысандардың көпшілігі бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен жабдықталғанына қарамастан, барлық жерде физикалық күзет пен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі жеткілікті емес.
Хабарламалардың басым бөлігі жанжалдар, төбелестер, қоғамдық тәртіпті бұзу және азаматтардың алкогольдік мас күйде болуы фактілеріне қатысты. Бірқатар деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке де тартылған.
Полиция атап өткендей, ойын-сауық орындары, әсіресе түнгі уақытта, жоғары тәуекел аймағы болып қала береді.
“Сондықтан Семейде профилактикалық рейдтер, патрульдеу және заңнаманың сақталуын бақылау күшейтілді. Әсіресе, құқық бұзушылық туралы хабарламалар жүйелі түрде түсетін орындарға ерекше назар аударылады. Азаматтардың қауіпсіздігі, қылмыстың алдын алу және кез келген қауіпке жедел әрекет ету – полицияның басты басымдығы,” – деді ПД бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров.
Полиция қызметкерлері нысандардың иелерімен және әкімшілігімен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, бейнекамералардың, дабыл түймелерінің бар-жоғын және күзет қызметінің жұмысын тексеруде.
