Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік: Абай облысында 1456 жаяу жүргінші ереже бұзған

Жол қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік: Абай облысында 1456 жаяу жүргінші ереже бұзған

Абай облысының аумағында жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өтіп, өзгелермен қоса өздерінің өмірлеріне қауіп төндіру жағдайлары байқалуда. Соңғы деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың басынан бері 1456 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзып, белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.

🚨Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту – жүргізушілердің реакциясына үлгермеуіне, ал бұл өз кезегінде адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдайларға әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты Абай облысының полицейлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертеді. Құқық қорғау органдары тек заң бұзушылықтарды анықтап, шара қолданумен шектелмей, сонымен қатар алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуде: патрульдік бақылау күшейтілуде, оқу орындарында және қоғамдық орындарда түсіндіру шаралары жүргізілуде, жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқандар ұйымдастырылуда.

Абай облысы Полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаяу жүргіншілерге төмендегі ережелерді қатаң сақтауды ескертеді:

🔹Жолды тек белгіленген жаяу жүргіншілер өткелі (зебра) арқылы кесіп өтіңіз.
🔹Бағдаршам сигналына міндетті түрде назар аударып, жасыл түстің жануын күтіңіз.
🔹Жолдан өтер алдында алдымен сол және оң жақты қарап, көліктің толық тоқтағанына көз жеткізіңіз.
🔹Құлаққаппен немесе телефонға алаңдап жолдан өтуден аулақ болыңыз.
🔹Кешкі және қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланыңыз.
🔹Жолдың жүріс бөлігін кез келген белгіленбеген жерден кесіп өту – жауапкершілікке әкеп соғатынын есте сақтаңыз.