
Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бастама аясында қоғамдық тәртіпті нығайту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.
2026 жылдың басынан бері өңірде жалпы саны 5772 құқық бұзушылық дерегі анықталып, жолы кесілді.
Атап айтқанда, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері бойынша 464 құқық бұзушылық тіркелсе,
қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бүлдіру, жасыл желектерге зақым келтіру сияқты экологиялық тәртіпке қарсы әрекеттер бойынша 5308 дерек анықталған.
Аталған бағытта тек бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар алдын алу және түсіндіру жұмыстары да кең көлемде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, алдын алу мақсатында жүйелі мониторинг жүргізуде.
Сонымен қатар, халық арасында санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз ету және экологиялық жауапкершілікті арттыру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Бұл бастамалар азаматтардың табиғатқа деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдық мәдениетті дамытуға бағытталған.