Сенім ұялататын учаскелік полицей: Абай облысында тәртіп сақшысы ауыл тұрғындарын интернет-алаяқтардан қорғау үшін үйлерді аралауда

Сенім ұялататын учаскелік полицей: Абай облысында тәртіп сақшысы ауыл тұрғындарын интернет-алаяқтардан қорғау үшін үйлерді аралауда

Бесқарағай ауданының Мостик ауылында учаскелік полиция инспекторы Асет Сагадиев интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында үй-жайларда профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

👮‍♂️Ол үйлерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп, отбасылармен әңгімелесіп, қазіргі таңда алаяқтардың қандай тәсілдерді қолданатынын жан-жақты түсіндіруде: «банктерден» қоңырау шалу, жалған инвестициялар, SMS арқылы келген кодтарды айтқызу, несие рәсімдеу және «қауіпсіз шоттарға» ақша аударту.

‼️Учаскелік инспектор әсіресе қарт адамдарға және онлайн-сервистерді сенімді қолдана бермейтін тұрғындарға ерекше көңіл бөлуде. Ауыл тұрғындары үшін ол жай ғана заң өкілі емес, сенім артатын, кеңес пен көмек сұрайтын адам.

— Біздің міндетіміз — адам ақшасынан айырылып қалмай тұрып, қауіптің алдын алу. Ауылда тұрғындар өз учаскелік полицейін жақсы таниды, оған сенеді, сондықтан тікелей қарым-қатынас профилактиканың ең тиімді тәсілі болып қала береді, — деп атап өтті Абай облысы Полиция департаменті.



Полиция ескертеді:
 бөгде адамдарға SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін, құпиясөздерді айтуға және белгісіз адамдардың нұсқауымен ақша аударуға болмайды. Күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу қажет.