Абай облысында азаматтар 30-дан аса қаруды ерікті түрде тапсырды

Абай облысында азаматтар  30-дан аса қаруды ерікті түрде тапсырды

20 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында азаматтық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды республикалық акция бастау алды. Аталған шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды азаматтардан ерікті түрде қабылдау арқылы қоғамдық қауіпсіздікті арттыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау.

✅Акция аясында әрбір азамат заңсыз сақталған қаруды еш кедергісіз және құқықтық салдарсыз тапсыра алады. Бұл бастама – мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтатын, жауапкершілік пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыратын маңызды қадам.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, тапсырылған қарудың техникалық жағдайына байланысты ақшалай өтемақы қарастырылған:

🔹1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100 %-ы есебінен жүргізіледі.
🔹2-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 70 %-ы есебінен жүргізіледі.
🔹3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30 %-ы есебінен жүргізіледі.

Өтемақы белгіленген тәртіппен азаматтардың банк шоттарына аударылады.

Азаматтардың ерікті түрде қару тапсыруы олардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылуына негіз болады. Бұл – заң талаптарын сақтай отырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға мүмкіндік беретін тиімді құқықтық тетік.

‼️Акция басталғалы бері халық тарапынан белсенділік байқалады. Нәтижесінде, 31 бірлік қару қабылданды. Оның ішінде 5 бірлігі – ойық, 26 бірлігі – тегіс ұңғылы қарулар. Жалпы төленген өтемақы сомасы 2 853 825 теңгені құрады.

Аталған акцияның маңыздылығы бірнеше аспектіден көрінеді. Біріншіден, заңсыз қарудың айналымын қысқарту арқылы ықтимал қауіптердің алдын алады. Екіншіден, әрбір азаматтың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан үлесі ретінде бағаланады. Үшіншіден, қаржылық өтемақы арқылы заңсыз заттарды заңды түрде тапсыруға ынталандырады.

Осыған орай, азаматтарды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Заңсыз сақталған қарудан бас тартып, қоғам қауіпсіздігіне өз үлестеріңізді қосыңыздар. Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.