Абай облысында «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінде «Заң және тәртіп: азаматтың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

Абай облысында «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінде «Заң және тәртіп: азаматтың құқықтары мен міндеттері» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.

«Авиценна» Жоғары медициналық колледжінде студенттер үшін «Заң және тәртіп: азаматтың құқықтары мен міндеттері» атты ақпараттық-тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Абай облысы Полиция департаментінің Профилактика жұмыстарын үйлестіру басқармасының бастығы полиция подполковнигі Аскаров Асет қатысып, студенттерге құқықтық білім мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді.

👮‍♂️Кездесу барысында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері қарастырылып, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полиция подполковнигі өз сөзінде:

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу тек полицияның міндеті емес. Бұл – барлық әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау органдары мен халықты жұмыспен қамту орталықтарының бірлескен жұмысы. Біз әр отбасы мен азаматқа нақты көмек көрсетуді басты міндет етуіміз қажет».



Іс-шарада «Құқық бұзушылықтар профилактикасы» туралы жаңа заңның негізі жан-жақты түсіндіріліп, мемлекеттік органдар мен қызметтердің үйлесімділігін күшейту бағыттары нақты көрсетілді.

Кездесудің қорытындысында студенттерге заңды сақтау, құқықтық сауаттылық және белсенді азаматтық позицияның маңыздылығы ескертіліп, жергілікті деңгейде бірлескен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру шаралары қолға алынды.

✅Құқықтық білім мен жауапкершілік – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі болып табылады.Полиция әрбір азаматты заңды білуімен қатар оны орындауға және қоршаған ортаға үлгі болуға шақырады.