Абай облысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қызметтік иттердің көмегімен жыл басынан 30-дан аса рейд жүргізді.

Абай облысында Есірткі қылмысына  қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қызметтік иттердің көмегімен жыл басынан 30-дан аса рейд жүргізді.

Абай облысының Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ел аумағында есірткілік заттардың заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту мақсатында бірқатар рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды. Осы жұмыстар барысында қызметтік иттер белсенді қатысып, тиімділік көрсетуде.

🐕Рейдтік тексерулер аясында басқарма мамандары Казпошта бөлімдерін жан-жақты тексерді. Бұл іс-шаралар халыққа арналған пошта қызметтері арқылы заңсыз заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін қолға алынды. Қызметтік иттердің ерекше сезімталдығы мен кәсіби дайындығы тексеру жұмыстарының жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз етеді.

👮‍♂️Жыл басынан бері Абай облысы бойынша 30-дан астам тексеру өткізілген. Әрбір рейд тексеру жүргізілетін объектілердің заңдылығын бақылаумен шектелмей, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де бағытталған.

🚔Абай облысы Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері азаматтарды заң бұзушылықтардан сақтандыру, қауіпті заттардың таралуының алдын алу және өңірде қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда. Қоғамдық орындар мен қызмет көрсету саласында жүргізілген рейдтік тексерулердің тиімділігі күн сайын артып келеді, ал қызметтік иттердің қатысуы бұл үрдісті анағұрлым кәсіби деңгейге көтеруде.