Өмір секундтардың еншісінде: Абай облысының полицейлері Квинке ісінуіне тап болған баланы құтқарып қалды

Өмір секундтардың еншісінде: Абай облысының полицейлері Квинке ісінуіне тап болған баланы құтқарып қалды

Абай облысында полицейлер шын мәнінде әр секунд шешуші рөл атқарған ауыр жағдайдан баланы аман алып қалды.

⚜️Абай алаңында «Бекет-1» бекетінің қызметкері Алтынбеков Нұржанға үрейленген әйел жүгінеді: оның қызының жағдайы күрт нашарлап, Квинке ісінуіне тап болғанын жеткізді.

Реакция — кідіріссіз.
Алтынбеков бірден патруль шақырады.**

🚔Жұмашев Дархан мен Айтжанов Азаматтан құралған экипаж оқиға орнына тез жетіп, еш ойланбастан шұғыл түрде ауріханаға жеткізу туралы шешім қабылдайды.

Артық сөзсіз. Кідіріссіз. Тек әрекет.

✅Баланы дереу медициналық мекемеге жеткізеді, онда дәрігерлер шұғыл көмек көрсетеді. Қыз бала аман, жағдайы тұрақты.

💬 «Егер олар болмағанда, не боларын білмеймін. Уақытында жеткізді. Олар менің баламды құтқарып қалды», — дейді анасы.



Әйел Алтынбеков Нұржанға жедел әрекеті үшін, сондай-ақ патрульдік полиция экипажы — Жұмашев Дархан мен Айтжанов Азаматқа кәсібилігі мен бейжай қарамағаны үшін алғыс білдірді.

👮‍♂️Сондай-ақ ол басшылыққа да ризашылығын жеткізіп, полицияда адамдарға көмектесуді формальдылық емес, парыз деп білетін қызметкерлер жұмыс істейтінін атап өтті.