Абай облысының полицейлері Семей қаласындағы №31 орта мектеп оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысының полицейлері Семей қаласындағы №31 орта мектеп оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді

Абай облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласындағы №31 орта мектеп оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу» тақырыбында арнайы сабақ өткізді. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңдық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Криминалдық полиция қызметкері Халелов Жұлдыз өз сөзінде:

— «Құрметті оқушылар, біздің басты міндетіміз – сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу – тек полицияның ғана емес, әрбір отбасының және мектеп ұжымының міндеті. Біз сіздерге заңға бағынудың маңыздылығын және құқықтық жауапкершілікті түсіндіру үшін арнайы қауіпсіздік сабақтарын өткізудеміз», — деді.

Сабақ барысында полиция қызметкерлері киберқылмыс, алаяқтық әрекеттер, жол қауіпсіздігі және мектептегі қауіпсіздік ережелері сияқты маңызды тақырыптарға тоқталды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін нақты өмірлік мысалдар келтіріліп, түрлі сценарийлерді талдау әдісі қолданылды.

Оқушылардың бірі былай деді:
— «Бүгінгі сабақ бізге өте пайдалы болды. Біз интернеттегі қауіптерді тануды және өзімізді қорғауды үйрендік. Полиция қызметкерлерінің берген кеңестері өмірде көп көмегін тигізеді деп ойлаймын».

Тағы бір оқушы пікір білдірді:
— «Мен заңға бағыну және дұрыс шешім қабылдау қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Бұрын кейде ойланбастан әрекет ететінмін, бірақ қазір қауіпсіздік пен жауапкершілікті ескерудің маңыздылығын түсіндім», — деді.