
Абай облысында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Аталған бастама елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға және ортақ пайдаланылатын аумақтарды ұқыпты сақтауға бағытталған маңызды қоғамдық жобаға айналды.
Акция аясында өңірде абаттандыру қағидаларын сақтау, инфрақұрылым нысандарын қорғау, қоғамдық орындарды ластауға жол бермеу, жасыл желектер мен саябақтарды сақтау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Жыл басынан бері Абай облысының аумағында 5416 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Оның ішінде:
Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау-430
Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру-4986
Анықталған құқық бұзушылықтардың бір бөлігі Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйелері арқылы тіркелген. Қазіргі заманғы цифрлық бақылау құралдарының көмегімен құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігі артып отыр. Бұл өз кезегінде қоғамдық орындардағы тәртіпті күшейтіп, азаматтардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері профилактикалық бағыттағы жұмыстарға ерекше назар аударуда. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесулер өткізіп, санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық орындарды таза ұстау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Абай облысының Полиция департаменті тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, заң талаптарын сақтауға шақырады. Әрбір азамат өз ауласынан бастап тазалықты қамтамасыз етсе, қала мен ауылдардың көркі артып, өңірдің экологиялық ахуалы жақсара түседі.