
Әуезов ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға интернет желісінде жиі кездесетін алаяқтық схемалары туралы түсіндірді. Әсіресе, телефон арқылы жасалатын алаяқтық, жалған банк қызметкерлері атынан жасалатын қоңыраулар, сондай-ақ жалған сайттар мен мобильді қосымшалар арқылы ақша қаражатын ұрлау деректеріне ерекше назар аударылды.
Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді: жеке деректер мен банк карталарының реквизиттерін үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдардан келіп түскен ақпараттың дұрыстығын тексеру.
Сонымен қатар, қатысушыларға интернет-қылмыстардан қорғану бойынша ұсынымдар қамтылған профилактикалық жадынамалар таратылды.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады және күмәнді жағдайларға тап болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуді сұрайды.