
Абай облысы полиция департаменті: қоғамдық қауіпсіздік басты назарда
Жол қауіпсіздігі – бұл тек талаптар жиынтығы емес, әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған кешенді әрі үздіксіз процесс.
Осы мақсатта Абай облысы Полиция департаментінің патрульдік қызметкерлері күшейтілген режимде рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәулік бойы қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды атқаруда.
Рейдтік іс-шаралар барысында тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар жүргізушілер арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Автокөлік жүргізушілерімен қатар, мопед және басқа да көлік құралдарының иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жеке таңдауы мен жауапкершілігі екені атап өтіледі.