"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: Абай облысының бас полицейі күшейтілген түрде профилактикалық іс-шара ұйымдастыруда.

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: Абай облысының бас полицейі күшейтілген түрде профилактикалық іс-шара ұйымдастыруда.

Абай облысының аумағында 27–29 сәуір аралығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

✅Іс-шара аясында гарнизондық таралым ұйымдастырылып, полиция қызметкерлерінің барлық күштері жұмылдырылды. Таралымды облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров өткізіп, қызметтік іс-шараларға тікелей өзі қатысты. Полиция полковнигі іс-шара барысында ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларға жеке өзі тексеру жүргізіп, олардың тұрғылықты жері мен мінез-құлқына бақылау жасады.

«Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытта есепте тұрған тұлғаларға ерекше назар аударылып, олардың тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін жүйелі бақылау жүргізілуде. Әрбір азамат заң талаптарын сақтауы тиіс», – деді Эльдар Данияров.



Аталған кезеңде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да назардан тыс қалмады. Ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалар, сондай-ақ азаматтық қару иелері тексерілуде. Қосымша түрде саяжай алқаптары, құрылыс нысандары, жалға берілетін тұрғын үйлер, базарлар мен өзге де нысандар қамтылып отыр.

👮‍♂️Полиция қызметкерлері ойын-сауық орындары мен азаматтар жаппай жиналатын, әсіресе жастар көп шоғырланатын аумақтарға ерекше бақылау жүргізуде. Кешкі және түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының жұмысы күшейтіліп, күдікті автокөліктер мен азаматтарды тексеру жүзеге асырылуда.

Іс-шараның негізгі міндеттері:
🔹құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
🔹жол-көлік оқиғаларының профилактикасын күшейту;
🔹заңсыз қару-жарақ сақтау және тасымалдау фактілерін анықтау;
🔹заңсыз еңбекке тарту әрекеттерінің жолын кесу және өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу;
🔹бұрын жасалған және «ізін суытпай» ашылатын қылмыстарды ашу.

Сонымен қатар, «Қорғау» ақпараттық жүйесі арқылы қасақана құқық бұзушыларды анықтау және олармен жұмыс жүргізу жалғасуда. Қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидасын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылданып, жол қозғалысына, оның ішінде қала сыртындағы автомобиль жолдарына бақылау күшейтілді.

‼️Абай облысы Полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға шақырады.