Басқару құқығынсыз және масаң күйде: Абай облысының полицейлері құқық бұзушының жолын кесті.

Басқару құқығынсыз және масаң күйде: Абай облысының полицейлері құқық бұзушының жолын кесті.

Абай облысында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқару фактілерінің олын кесті. Анықталған құқықбұзушылардың ішінде электровелосипед жүргізушісі де болды.

Тексеру барысында азаматтың көлікті мас күйінде басқарғаны және көлік басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

‼️Жылдамдығы 40–45 км/сағ жететін және қуаты 400 Вт-тен асатын электровелосипедтер ресми түрде мопедтерге теңестірілген.

Ережелерді бұзу – бұл тек жүргізушінің өмірі мен денсаулығына ғана емес, жолдағы басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіреді.

🚔Патрульдік полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. Мас күйінде көлік басқару және рұқсатсыз көлік пайдалану қатаң жазаланатынын білу керек. Заң алдында әрбір жүргізуші бірдей жауапкершілікке ие, ал қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз.