
Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жүйелі түрде жүзеге асырылып, өңірдегі қоғамдық тәртіп пен экологиялық тазалықты қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 

Акцияның негізгі мақсаты:
қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтау 
инфрақұрылымдық нысандарды қорғау 
жасыл желектер мен саябақтарды бұзбау 
тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру 
Жыл басынан бері Абай облысында жалпы 4 660 құқық бұзушылық фактісі тіркелді:
4 292 факті – қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, инфрақұрылым объектілерін бүлдіру және жасыл екпелерді жою 
368 факті – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау 
Құқық бұзушылықтардың бір бөлігі Жедел басқару орталығының (ЖБО) бейнекамералары арқылы тіркеліп, құқық қорғау органдары тарапынан жедел шаралар қабылданды 
.
Полиция қызметкерлері атап өткендей:
«Тазалық – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қарапайым ережелерді сақтамау көбінесе құқық бұзушылықтарға әкеледі. Әрбір тұрғын өз ауласынан бастап тазалықты сақтаса, өңіріміз әлдеқайда көркейеді»
«Таза Қазақстан» акциясы тек құқық бұзушылықтарды анықтау шарасы ғана емес, сонымен қатар:
қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға 
қоршаған ортаны қорғауға
қалалық және ауылдық аумақтарды абаттандыруға үлес қосуға бағытталған 
Таза аула, таза көше, таза қала – өзімізден басталады!
Қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.