“Нерест” ЖПІШ: Абай облысында 40 жастағы тұрғын заңсыз балық аулаған

“Нерест” ЖПІШ: Абай облысында 40 жастағы тұрғын заңсыз балық аулаған

Ағымдағы жылдың 16 сәуірі мен 30 мамыры аралығында Абай облысының аумағында табиғи су ресурстарын қорғау, балық ресурстарын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Нерест” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

‼️Бұл іс-шара аясында Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік бақылау жұмыстарын жүргізеді. Оның – табиғатты қорғау заңнамасын бұзатын әрекеттерді дер кезінде анықтау және құқық бұзушыларға қатысты заң талаптарын қолдану арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шара барысында Бородулиха ауданының 40 жастағы тұрғынының Ертіс өзенінің Ақши ауылы маңында қармақпен заңсыз балық аулағаны анықталды.

Балық аулауға тыйым салынған уақыт – уылдырық шашу кезеңі

Балықтардың уылдырық шашу мезгілі – олардың ұрпақ шығару, популяциясын сақтау үшін ең сезімтал кезеңі. Осы кезеңде заңсыз балық аулау қатаң түрде тыйым салынады, себебі бұл табиғи ресурстардың азаюына және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі.

Балық уылдырық шашатын кезеңде:

🔹Балықтардың табиғи көбеюі мен су экожүйесінің тұрақтылығы сақталуы тиіс;

🔹Қармақ, тор, желпек және басқа да аулау құралдарын пайдалану заңсыз болып саналады;