
Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм – тек мемлекет үшін емес, бүкіл қоғам үшін қауіп төндіретін жаһандық мәселе. Бұл қауіпті идеологиялардың таралуы, әсіресе жастар арасында, олардың ой-санасын бұзып, қоғамға қатер төндіруі мүмкін. Сол себепті жастармен тікелей жұмыс істейтін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың рөлі айрықша маңызды.
Абай облысы Полиция департаментінің Семей қаласы Полиция басқармасы Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы полиция майоры Құнанбаев Абай кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторлар үшін арнайы сабақ өткізді. Сабақ барысында қатысушыларға теріс діни экстремизм мен жалған терроризмнің қоғамға төндіретін қатері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде эвакуация тәртібі туралы практикалық ақпарат берілді.
Полиция майоры Құнанбаев Абай атап өткендей:
«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу тек құқық қорғаушылардың міндеті емес. Бұл – бүкіл қоғамның, әсіресе кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін инспекторлардың ортақ жауапкершілігі. Біздің басты мақсатымыз — жастардың діни радикализмге бой алдырмауын қамтамасыз ету, оларды еліміздің мәдениеті мен дәстүріне негізделген рухани құндылықтарға тәрбиелеу. Осындай сабақтар инспекторларға жас ұрпақпен тиімді жұмыс істеуге, олардың санасында дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі» деді.
Бұл іс-шаралар қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуші инспекторлардың кәсіби дайындығы, олардың дұрыс ақпарат пен тәжірибеге ие болуы – жастардың теріс ықпалдардан қорғануында шешуші фактор.