Абай облысынының полицейлері бір тәулік ішінде 19 құқық бұзушылықтың жолын кесті

Абай облысынының полицейлері бір тәулік ішінде 19 құқық бұзушылықтың жолын кесті

Семей қаласы Полиция басқармасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар мен прокуратура қызметкерлері қала көшелері мен ойын-сауық орындарында профилактикалық жұмыстар атқарды. Іс-шараның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ тұрғындарға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру болды.

👮‍♂️Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар барысында 25 кәмелетке толмағанды жеке бақылауға алып, олардың қауіпсіздігін бағалады.
Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында қала тұрғындарына кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, шара барысында 48 қолайсыз отбасыны тексеріп, 19 құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Абай облысы ПД Семей қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Елдос Оразалин өз сөзінде:

"Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ең маңызды кепілі. Біз өткізген іс-шаралар тек құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған емес, сонымен қатар жас ұрпақты дұрыс бағытқа жетелеу, олардың әлеуметтік қорғанысын күшейтуге арналған. Әрбір полиция қызметкері қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін белсенді түрде жұмыс істеуде," – деп атап өтті.



Қала тұрғындары өз кезегінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді ат салысуға шақырылады.