
Құрметті азаматтар! 
Қоғамдағы қауіпсіздік деңгейі тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана емес, әрбір тұрғынның сақтығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Солардың бірі – пәтер ұрлығы.
Тергеу тәжірибесі көрсеткендей, ұрылар көбінесе иелері ұзақ уақытқа үйде болмайтын
, қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз пәтерлерді нысанаға алады. Олар есік құлыптарының әлсіздігін, терезелердің ашық қалуын
немесе көршілердің бейқамдығын пайдаланады. Кей жағдайларда қылмыскерлер өздерін коммуналдық қызметкер, жеткізуші немесе басқа қызмет өкілі ретінде таныстырып, тұрғындардың сеніміне кіруге тырысады.
Осыған байланысты, Абай облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы тұрғындарды келесі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
•
Үйден шығарда есік пен терезелердің толық жабылғанына көз жеткізіңіздер.
•
Сенімді құлыптар мен қосымша қауіпсіздік жүйелерін (бейнебақылау, дабыл жүйесі) орнатуды қарастырыңыздар.
•
Ұзақ уақытқа кеткен жағдайда көршілеріңізге хабар беріп, пәтеріңізді қараусыз қалдырмаңыздар.
•
Бейтаныс адамдарға есік ашқанда сақ болыңыздар, олардың қызметтік куәлігін тексеріңіздер.
•
Әлеуметтік желілерде өзіңіздің үйде жоқ екеніңіз туралы ақпаратты жарияламаңыздар.
Егер сіз күмәнді тұлғаларды байқасаңыз немесе құқық бұзушылық орын алған болса, дереу «102»
арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Уақытылы берілген ақпарат қылмыстың алдын алуға және құқық бұзушыларды жедел ұстауға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, ұрлық – тек материалдық шығын ғана емес
, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздік сезіміне нұқсан келтіретін құқық бұзушылық. Сондықтан әрбір ұсақ көрінген сақтық шарасының өзі үлкен қауіптің алдын алуы мүмкін
.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – баршамызға ортақ міндет. Өз үйіңізді, өз мүлкіңізді қорғау – ең алдымен өз қолыңызда
.