Абай облысында "Қару" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Абай облысында "Қару" жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

10–14 сәуір аралығында Абай облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ заңсыз айналымдағы атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды анықтап, тәркілеуге бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

‼️Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел ахуалды тұрақтандыру, қару қолданумен жасалатын қылмыстар деңгейін төмендету, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту.

«Қару» ЖПІШ шеңберінде Абай облысы Полиция департаменті қызметкерлері ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін жүзеге асыруда, оның ішінде:
 🔹қарудың заңсыз айналымы фактілерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;
 🔹мекенжайлық аулаларды аралау жұмыстарын өткізу;
 🔹ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеру.

Халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуге, Қазақстан Республикасының қару айналымы саласындағы заңнама талаптарын түсіндіруге, сондай-ақ қару қолданумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылады.

👮‍♂️Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды заңсыз сақталып отырған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыруға шақырады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қаруды ерікті түрде тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, сондай-ақ қылмыстардың алдын алуға бағытталған.