Семейде психотроптық заттарды заңсыз сақтаған 29 жастағы тұрғын анықталды

Семейде психотроптық заттарды заңсыз сақтаған 29 жастағы тұрғын анықталды

Семей қаласында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сақтау дерегінің жолын кесті. Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды.

‼️Күдіктіге тиесілі Mercedes-Benz маркалы автокөлікте шұғыл жеке тінту жүргізу барысында салонның алдыңғы бөлігінен қара изолентамен оралған, ерекше иісі бар 6 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.

👮‍♂️Оқиға орнын қарау кезінде күдіктінің қатысуымен тағы да қара изолентамен оралған 19 полимерлі пакет тәркіленді. Олардың ішінде ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болған.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың құрамында психотроптық зат — 2-(пирролидин-1-ил)-1-фенилпентан-1-он α-пирролидиновалерофенон (α-PVP) бар екені анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 15 граммды құрады.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.