Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заңнамалық реформалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген бірқатар маңызды өзгерістер күшіне енді. Бұл жаңашылдықтар қоғамдағы жаңа қауіп-қатерлерге дер кезінде әрекет етуге, азаматтарды құқыққа қарсы әрекеттерден ерте кезеңде қорғауға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған.
Аталған өзгерістер туралы Абай облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұңғат Маратұлы Әділбеков подкаст барысында кеңінен түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, қазіргі қоғамда қылмыс түрлері де өзгеріп, жаңа сипат ала бастаған. Сондықтан заңнама да уақыт талабына сай жаңартылып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тетіктері енгізілуде.
Полковник Сұңғат Әділбековтің айтуынша, енгізілген өзгерістердің басты қағидаты – қылмыс орын алғаннан кейін ғана әрекет ету емес, қауіпті жағдайдың алдын алу және азаматтарды ерте кезеңде қорғау.
Сталкинг – енді қылмыстық жауаптылыққа әкеледі
Қылмыстық кодекске енгізілген маңызды жаңалықтардың бірі – сталкинг үшін жеке қылмыстық жауаптылықтың енгізілуі.
Сталкинг – адамның жеке өміріне қол сұғатын, оны тұрақты түрде мазалап, психологиялық қысым көрсететін әрекеттердің жиынтығы. Мұндай әрекеттерге біреуді қайта-қайта қоңырау шалу, әлеуметтік желілер арқылы аңду, жалған аккаунттардан хабарлама жіберу, адамның артынан жүру немесе оның үйі мен жұмыс орнының маңында бақылау жасау сияқты жағдайлар жатады.
Егер мұндай әрекеттер нәтижесінде адам өз қауіпсіздігіне алаңдап, қорқыныш сезінсе, бұл енді заң алдында жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық болып саналады.
Бұл норма, ең алдымен, азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етуге және психологиялық қысымның алдын алуға бағытталған.
Дропперлік – алаяқтық схемалардың бір бөлігі
Соңғы жылдары интернет алаяқтықтың түрлері көбейіп, қылмыскерлер түрлі айла-шарғылар арқылы азаматтардың сенімін пайдаланып келеді. Солардың бірі – дропперлік деп аталатын схема.
Алаяқтар көбіне өздерінің заңсыз қаржылық операцияларын басқа адамдардың банктік шоттары арқылы жүргізуге тырысады. Көп жағдайда олар әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы «картаңды жалға бер», «ақша аударуға көмектес», «тек есепшотыңды пайдалану керек» деген ұсыныстар айтып, азаматтарды алдап көндіреді.
Кейбір жастар немесе студенттер мұндай ұсыныстардың заңсыз екенін түсінбей, оңай ақша табамын деген оймен келісіп жатады. Алайда жаңа заңнамаға сәйкес банктік картаны, төлем құралдарын немесе сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғаларға беру де қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Бұл өзгеріс интернет алаяқтықтың алдын алуға және қаржылық қылмыстардың жолын кесуге бағытталған.
Аталған өзгерістер туралы Абай облысы Полиция департаменті Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Сұңғат Маратұлы Әділбеков подкаст барысында кеңінен түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, қазіргі қоғамда қылмыс түрлері де өзгеріп, жаңа сипат ала бастаған. Сондықтан заңнама да уақыт талабына сай жаңартылып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тетіктері енгізілуде.Полковник Сұңғат Әділбековтің айтуынша, енгізілген өзгерістердің басты қағидаты – қылмыс орын алғаннан кейін ғана әрекет ету емес, қауіпті жағдайдың алдын алу және азаматтарды ерте кезеңде қорғау.
Сталкинг – енді қылмыстық жауаптылыққа әкеледіҚылмыстық кодекске енгізілген маңызды жаңалықтардың бірі – сталкинг үшін жеке қылмыстық жауаптылықтың енгізілуі.
Сталкинг – адамның жеке өміріне қол сұғатын, оны тұрақты түрде мазалап, психологиялық қысым көрсететін әрекеттердің жиынтығы. Мұндай әрекеттерге біреуді қайта-қайта қоңырау шалу, әлеуметтік желілер арқылы аңду, жалған аккаунттардан хабарлама жіберу, адамның артынан жүру немесе оның үйі мен жұмыс орнының маңында бақылау жасау сияқты жағдайлар жатады.
Егер мұндай әрекеттер нәтижесінде адам өз қауіпсіздігіне алаңдап, қорқыныш сезінсе, бұл енді заң алдында жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық болып саналады.
Бұл норма, ең алдымен, азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын қамтамасыз етуге және психологиялық қысымның алдын алуға бағытталған.
Дропперлік – алаяқтық схемалардың бір бөлігіСоңғы жылдары интернет алаяқтықтың түрлері көбейіп, қылмыскерлер түрлі айла-шарғылар арқылы азаматтардың сенімін пайдаланып келеді. Солардың бірі – дропперлік деп аталатын схема.
Алаяқтар көбіне өздерінің заңсыз қаржылық операцияларын басқа адамдардың банктік шоттары арқылы жүргізуге тырысады. Көп жағдайда олар әлеуметтік желілер немесе мессенджерлер арқылы «картаңды жалға бер», «ақша аударуға көмектес», «тек есепшотыңды пайдалану керек» деген ұсыныстар айтып, азаматтарды алдап көндіреді.
Кейбір жастар немесе студенттер мұндай ұсыныстардың заңсыз екенін түсінбей, оңай ақша табамын деген оймен келісіп жатады. Алайда жаңа заңнамаға сәйкес банктік картаны, төлем құралдарын немесе сәйкестендіру деректерін үшінші тұлғаларға беру де қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.Бұл өзгеріс интернет алаяқтықтың алдын алуға және қаржылық қылмыстардың жолын кесуге бағытталған.
