Абай облысында Тергеу күні салтанатты түрде атап өтілді.

Абай облысында Тергеу күні салтанатты түрде атап өтілді.

Абай облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі тергеу органдарының құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

👮‍♂️Полиция департаментінің акт залында басшылық, тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және шақырылған қонақтар жиналды.
Іс-шараны ашу барысында тергеу қызметінің құқық қорғау жүйесінің негізгі буындарының бірі екені атап өтілді. Ол қылмыстық құқық бұзушылықтарды жан-жақты, толық әрі объективті тергеуді қамтамасыз етеді.

🚨Тергеушінің жұмысы жоғары кәсіби дайындықты, талапшылдықты және жауапкершілікті талап етеді, өйткені тергеу сапасына әділдіктің қалпына келуі мен азаматтардың құқықтарын қорғау тікелей байланысты.

Құттықтау сөз сөйлеген Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Эльдар Данияров тергеу органдарының тарихы сонау 1963 жылғы 6 сәуірден бастау алатынын атап өтті.
Ол ондаған жылдар бойы бұл қызметтің заманауи талаптар мен сын-қатерлерге бейімделе отырып, жүйелі түрде дамып келе жатқанын жеткізді.

‼️Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Бірқатар қызметкерлерге арнайы атақтар беріліп, ведомстволық наградалар, медальдар және құрмет грамоталары табысталды.

✅Сондай-ақ жас тергеушілердің ата-аналарын лайықты тәрбие беріп, кәсіби мамандардың қалыптасуына қосқан үлесі үшін марапаттауға ерекше көңіл бөлінді.

Тергеу қызметінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғыс сөздер айтылды. Оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің ата-аналары да марапатталды.

🏅Сонымен қатар жұмыс қорытындысы бойынша үздік мамандар анықталды. «Үздік тергеуші», «Үздік тәлімгер» және «Үздік жас маман» атақтары Семей қаласының тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне берілді.

Іс-шара мерекелік бағдарламамен және ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

Абай облысы Полиция департаментінде тергеу қызметінің кәсіби әлеуетін нығайту және ұрпақтар сабақтастығы «Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз етудің маңызды шарттары болып қала беретіні атап өтілді.