Абай облысында «Мал ұрлығына жол жоқ» профилактикалық іс-шарасы басталды

Абай облысында «Мал ұрлығына жол жоқ» профилактикалық іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдың 6–10 сәуірі аралығында Абай облысының аумағында «Мал ұрлығына жол жоқ» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы басталды. Шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларын қорғау және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

‼️Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын сақтау, малды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи GPS-бақылау құралдарын пайдалану қажеттігі түсіндірілуде.

👮‍♂️Сонымен қатар малды міндетті сәйкестендірудің маңыздылығы, мал иелері, бақташылар және жергілікті әкімдіктер арасында үшжақты шарттар жасасу тәртібі туралы да кеңінен ақпарат берілуде. Бұл шаралар малдың бақылаусыз жайылуын болдырмауға, олардың есебін жүйелеуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Полиция азаматтарды өз мүлкіне жауапкершілікпен қарап, малды есепке алып, белгілеу және бақылау шараларын күшейтуге шақырады. Бірлескен алдын алу жұмыстары ғана мал ұрлығының жолын кесіп, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.